"Жастар практикасын маған ғана өз көмегін тигізген жоқ, бірге оқыған құрбым да осы мүмкіндікті пайдаланды. Өткен жылы правктикадан өтіп, міне бір жылдан бері Нұр-Сұлтанда өз мамандығы бойынша жұмыс істейді", – деп бойжеткен әңгімесін жалғады.
Осы жылдың соңына дейін 30 мыңға жуық жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Олардың 5 мыңы жастар практикасынан өткен. Бұл жобаның нәтижесінде жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, елдегі жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі туып отыр.
"Ең маңыздысы, жастар практикасында өз мамандығыңның қыр-сырын меңгеруге зор мүмкіндік бар. Жұмыс істеп жүріп жаңа ақпарат аласың, құжаттармен жұмыс істеуді үйренесің. Бұл тек тәжірибе ғана емес, өзіңді қызықтыратын жұмыс па, жоқ па түсініп, шешім қабылдау мүмкіндігі", – деп Мәдина сөзін аяқтады.