KZ

Біз қандай құқықтармен дүниеге келдік?

Қазақстан жастар ақпараттық қызметі Amnesty International халықаралық ұйымының «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына шолу» кітапшасын қазақ тіліне аударды.
Бұл кітапшада адам құқықтары декларациясының мақалалары қысқаша түсіндіріледі. Біз қандай құқықтармен дүниеге келдік? Біздің жеке ақпаратымызға біреу қол сұға ала ма? Біз өз сенімімізді еркін білдіре аламыз ба? – осы және басқа да сұрақтарға жауаптарды осы жерден табуға болады.
Декларация мәтіні неғұрлым түсінікті тілде жазылған, барлық 30 бап суреттермен безендірілген.

«Адам құқықтары жайлы жақын арада қазақ тілінде де көп ақпарат пайда болатына және бұл кітапша бұған өз септігін тигізетіне сенеміз», — дейді Қазақстан жастар ақпараттық қызметі.
Кітапша еркін қолданыста.
Кітапшаны жүктеп, адам құқықтары жөніндегі іс-шараларда жұмыс материалы ретінде пайдалануға болады.
- СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР, ӘСІРЕСЕ ЖАСТАР, ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫН САНАЛЫ ТҮРДЕ ҚОЛДАНА БАСТАДЫ. БҰҒАН НЕ ЫҚПАЛ ЕТТІ?

- 2019 жыл бұл тұрғыда өте қызықты болды, ол қызықты және маңызды оқиғаларға толы болды. Бұл жыл бізге қазақстандық қоғамда бірігуге және өз құқықтарын қорғауға дайын жастардың пайда болғанын көрсетті.

Шындығында, биліктің өзі оларды әрекетке итермеледі. Егер бұған дейін оппозициядағылар наразылық митингісін өткізсе, кеше ғана билікке бейілді қарапайым ұл-қыздар қазір митингтерге шығып жатыр.

Олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты күресті талап етеді, олар әлеуметтік теңсіздіктен шаршады, өмірдің болашағы мен мемлекет болашағының келбеті туралы алаңдайды. Олар бос уәделерден шаршады, олар білім мен медицинаның жақсаруын қалайды, ашық және әділ сайлауды жақтайды.

2019 жыл шынымен жастар жылы болды, олардың дауыстары қатты естіле бастады. Біз жастардың елдегі жағдайды өзгерту туралы өтініштері бар екенін көріп отырмыз. Бұл болашақта қоғам үшін көптеген жеңістер әкелетін маңызды бағыт. Жастар ашық және демократиялық мемлекет жолындағы үлкен ресурс деп санаймыз.

Ұйым Балжан Тұрлыбековаға кітапты қазақ тіліне аударғаны үшін, Айжан Ошакбаева мен Назгүл Қожақбекке редакция жұмысы үшін және Наталья Дмитриеваға макет пен дизайн үшін зор алғысымызды білдіреміз.

Кітапшаны мына жерден жүктеп алуыңызға болады.

Бағалау
Өзге мақалалар
© Сайттағы материалдарды 18+Идеяға гиперсілтеме болған жағдайда ғана қолдануға болады.

Байланыс үшін:
y.korabayeva@18plusidea.kz
+7 707 1234 189
Командасы
  • Жобаның жетекшісі:
  • Екатерина Корабаева
  • Редактор:
  • Олег Хe
  • Қазақ контентінің редакторы:
  • Асия Акишева
  • Видеограф:
  • Бауыржан Сәду
  • SMM-маман:
  • Екатерина Чалова
Made on
Tilda