KZ

Студенттерінің әдеби жинақтары жарыққа шықты

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесіне орай CДУ студенттерінің төрт кітабы жарыққа шықты.
Кітаптар алты түрлі жанрдағы, атап айтқанда, әңгіме, аударма, пост, сатира, эссе және хаттар жанры бойынша жазылған әдеби шығармалардан тұрады.
4 кітаптың әрқайсысы 1000 данамен «Самға» баспасынан басылып шықты. Жас қаламгерлердің «Мені өзгерткен махаббат», «Жасырмаймын», «Өмірдің мәні не?» және «Сағындым ғой...» атты кітаптарының тұсаукесері университет қабырғасында өтті.
Жоба жетекшілері әдеби кітаптардың заманауи жастарға жол тартып, өскелең ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырарына сенімді.

«Мақсатымыз – қазақ тілін жастарға насихаттау, қолдану аясын кеңейту, қаламгерлікті дамыту, жаңа сарында жазатын жас авторларды, жаңа есімдерді табу. Заман ағымына байланысты жаңа көзқарастағы жастарды анықтап қолдау көрсету, әдебиет әлеміне серпіліс, жаңа леп әкелу, жастардың заманауи сұранысына ие бағыттарды қолдана отырып, қазақ тілді контентті дамытуға үлес қосу. Біздің білімгерлер басқа да жастарға үлгі-өнеге болсын, кітап оқуға, жазуға деген ынтасы артсын деген ниетте осы «Жас қаламгер» және «Оқырман бәйгесі» жобаларын қолға алып отырмыз», – дейді жоба жетекшісі, СДУ оқытушысы Қанат Ибрагимов.

Айта кеткен жөн, «Жас қаламгер» және «Оқырман бәйгесі» сайыстары бастапқы кезде бір пән мен топ аясында өткізіліп, әрі қарай кафедра, факультет және университет деңгейіне шығып, кезең-кезең бойынша өз жалғасын тапты. Нәтижесінде сайыс жеңімпаздары мен қатысушыларының еңбектері толық жинақ болып 4 кітап ретінде оқырманға жол тартты.

Екі сайысқа университет тарапынан 150-ден аса студент қатысып, олардың ішінен үздік шығармалар анықталып, жеңімпаздар марапатталды. Ұйымдастырушылар жобаның келесі кезеңін Алматы қаласының жоғары оқу орындары арасында ұйымдастырып, жастардың сұранысына ие болған жағдайда, Республика көлемінде ауқымды іс-шара ретінде өткізуді көздеп отыр. Мұндағы мақсат – жобаға мектеп оқушыларын, студенттерді, жас қаламгерлерді, тіпті ересек авторларды тарту.

Бағалау
Өзге мақалалар
© Сайттағы материалдарды 18+Идеяға гиперсілтеме болған жағдайда ғана қолдануға болады.

Байланыс үшін:
y.korabayeva@18plusidea.kz
+7 707 1234 189
Командасы
  • Жобаның жетекшісі:
  • Екатерина Корабаева
  • Редактор:
  • Олег Хe
  • Қазақ контентінің редакторы:
  • Асия Акишева
  • Видеограф:
  • Бауыржан Сәду
  • SMM-маман:
  • Екатерина Чалова
Made on
Tilda