KZ

Жастар жылындағы

«Бірге - қоғам мүддесі үшін» атты дөңгелек үстел ENACTUS Kazakhstan-ның Жастар жылындағы қызметінің нәтижелерін талқылаумен аяқталды.
ENACTUS Kazakhstan ұлттық кеңсесі «АБҚО» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен өткен әлеуметтік жобаның нәтижелері туралы айтты.
Дөңгелек үстел Қазақстанның зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған Қазақстандағы бірқатар оқу іс-шараларының қорытынды кезеңі болды.

Инновациялық ойлауға бейімделу, әлеуметтік кәсіпкерлік, практикалық іскерлік дағдылар, қаржылық сауаттылық, тұлғалық өсу қабiлетi, өзiн-өзi жетiлдiру - осының бәрі Қазақстан аймақтарында өткен семинарлар, тренингтер мен форумдар барысында қозғалды.

Жобаның қорытынды іс-шарасы 2019 жылғы 7-8 қараша инновациялық идеялар фестиваль-көрмесінде (13-32 жас) қатысушылардың инновациялық идеялары мен прототиптері ұсынылды.

Enactus Kazakhstan жастар бастамаларын, әлеуметтік және бизнес жобаларын ұйымдастыруға және дамытуда үлкен тәжірибеге ие, сондықтан биыл жобаны демеушілік қорлардан басқа «АБҚО» гранты негізінде жүзеге асыруға мүмкіндікке ие болды.

ENACTUS Kazakhstan президенті, ҚР президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңес мүшесі Ержанова Альбина: «ENACTUS бағдарламасы - бұл әлемді жақсарту үшін кәсіпкерлікті, инновацияны қолданатын болашақ көшбасшылардың дамуын жеделдетуге бағытталған бизнес пен білімнің белсенді өзара әрекеттесу алаңы», - деп түсіндірді.
«2019 жыл ENACTUS Қазақстан үшін өте жемісті болғаны анық. Жалпы алғанда ісшараларға бірнеше мың адам қатысты, бұл ENACTUS ұйымы - ең тиімді студенттік бағдарламалардың бірі болып табылатындығын тағы бір рет дәлелдейді; ал ENACTUS арқылы өтетін студенттер - тәжірбиелік білімі басқа деңгейдегі адамдар», - деп қорытындылайды Raimek Holding директорлар кеңесінің төрағасы, ENACTUS Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы - Баталов Раимбек.
Жобалардың мысалдары

Жобалардың бағыттары әртүрлі болды: қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған экологиялық жобалар, қаржылық сауаттылықты дамытудағы әдістер, әлеуметтік жобалар, оның ішінде мүгедектерге көмек көрсету, білім беру сапасын жақсарту, денсаулық сақтау және т.б.

Бизнес саласындағы жобалар бизнесті басқаруды автоматтандырумен, процестерді жеңілдетумен және корпоративтік сектордың тиімділігін арттырумен байланысты.

Олардың қатарында орман кесуді азайту (құлаған жапырақтардан қағаз жасау), урбанизациясы жоғары қалалардағы көлік тұрақтарының проблемаларын шешу, тамақ қалдықтарын өңдейтін қондырғылар құру, қаланың экологиясын және ауаны түтіннен тазарту, арнайы сүзгілерді жасау, бір рет пайдаланылатын ыдыстарды қайта өңделген материалдардан жасау, ағаштар отырғызу және қалаларды абаттандыру үшін басқа да сәндік өсімдіктер, агроөнеркәсіптік кешеннің жұмысын жақсарту жөніндегі жобалар.

Қажетті, бірақ бірте-бірте жойылып бара жатқан кәсіптердің Онлайн академиясына, Қазақстандағы алғашқы балалар инклюзивті театры, білім беруде VR технологиясын пайдалану, Денсаулық сақтау мәселелерін шешетін жобалар, экономикалық білімді жақсарту және қаржылық сауаттылықты арттыру үшін үстел және компьютерлік ойындар, ұсақ моториканы дамыту мақсатында мектеп жасына дейінгі балалар үшін тактильді әліпби жасау, көзге көрінбейтін, бірақ маңызды мәселені қозғаушы жобалардың бағыты – ментальды денсаулық.

Сондай-ақ өз денсаулығы туралы ақпаратты қарапайым және ыңғайлы сақтауға мүмкіндік беретін технологиялар.

Барлық көрсетілген жобалар мен идеялардың мақсаты бір - кәсіпкерлік дағдылар мен инновациялық тәсілдерді қолдану арқылы күрделі мәселелерді шешу, адамдарға көмектесу және барлығымыз үшін жақсы әлем құру!

Фестиваль-көрмені ұйымдастырушылар бұл жобаны оқушылар үлкен қызығушылықпен қабылдағанын атап өтті, сондықтан жыл сайынғы ENACTUS Kazakhstan National EXPO шеңберінде мектеп кәсіпкерлігінің чемпионаты өтетіні жарияланды.

Әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерді шешу үшін мектеп жасындағы Қазақстандықтардың инновацияға деген құштарлығы - ENACTUS бағдарламасының белсенді қатысушылары мен түлектері арқасында қолданатын болады.

"Кәсіпкерлік негіздері бойынша білім беруімнмің алғашқы тәжірибесі ауыл жастарында бизнес-білімге, өмірде табысқа жету формуласын зерттеуге деген ұмтылыстың зор екенін көрсетті. Мен 30 қатысушыдан астам топ үшін тренинг өткізген болатынмын және біз - Enactus бағдарламасы, ауыл жастарының кәсіпкерлікке деген құлшынысын арттыруды жалғастыруымыздың қажеттілігіне көз жеткіздім" - деп атап өтті Enactus командасының түлегі, 2016 ENACTUS Студенттік кәсіпкерліктің ұлттық кубогының чемпионы Шапатов Жандос.

ENACTUS - бизнес-дағдыларды дамытудың халықаралық үлгісі болып табылады және әлемнің 37 елінде ең жақсы нәтижелерді көрсетеді.

«Бүгінгі дөңгелек үстел біз үшін ерекше болды, өйткені біз жобамызға қатысты барлық мәселелерді шеше алдық, енді не істеу керектігін және нені жақсарту керектігін білеміз» - Enactus КазНАУ командасының капитаны,Татыбеков Арнур, өз әсерлерімен бөлісуде.


Бағалау
Өзге мақалалар
© Сайттағы материалдарды 18+Идеяға гиперсілтеме болған жағдайда ғана қолдануға болады.

Байланыс үшін:
y.korabayeva@18plusidea.kz
+7 707 1234 189
Командасы
  • Жобаның жетекшісі:
  • Екатерина Корабаева
  • Редактор:
  • Олег Хe
  • Қазақ контентінің редакторы:
  • Асия Акишева
  • Видеограф:
  • Бауыржан Сәду
  • SMM-маман:
  • Екатерина Чалова
Made on
Tilda